1 - сыныпқа қабылдау

Құрметті ата-аналар!

Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектебіне 2023 – 2024 оқу жылына 1- сыныпқа оқушы қабылдау жалғасуда.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1- сәуірден бастап Egov.kz электрондық үкіметінің порталы арқылы электронды форматта жүргізілуде.

1 - сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6- ға толатын (2017 жылғы) балалар қабылдануда.

Қажетті құжаттар:

- Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- "Бала денсаулығы паспорты"(026/у-3нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

- 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

- 3 x 4 көлеміндегі 2 фото.

Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан қабылдануда.

Балаңыздың біздің мектепте білім алғанын қаласаңыз, сіздерді күтеміз!

1 А сыныбының сынып жетекшісі – Калкимова Базаркул Азбергеновна

1 Ә сыныбының сынып жетекшісі - Альмаханова Эльмира Абдуалиевна

1 Б сыныбының сынып жетекшісі - Беркимбаева Гульзира Жанабаевна

1 В сыныбының сынып жетекшісі – Кенебаева Сандугаш Сериковна