• Басты бет
  • /
  • «АЙБЫН-2023» әскери-патриоттық жастар жиыны
«АЙБЫН-2023» әскери-патриоттық жастар жиыны

Ағымдағы жылдың 03.05.күні Қызылорда қаласының №278 IT мектеп базасында Қызылорда облысының қоғамдық даму және білім

басқармасы, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және «Қызылорда облысының «Самғау» жастар
қоғамдық бірлестігінің бірлесе ұйымдастыруымен «АЙБЫН-2023» облыстық әскери-патриоттық жастар жиыныны өткізілді.

Аймақ жастарын әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отансүйгіштік пен патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға аудандық «БАРЫС» құрама командасы І орын, команда құрамындағы мектебіміздің 11 сынып оқушылары Жамсапқызы Ақпейіл «Пневматикалық винтовкадан ату» сайысы бойынша І орын, «Арқаға жатып денені көтеру» сайысы бойынша І орын,

Бақытжанов Ермухаммед «Пневматикалық винтовкадан ату» сайысы бойынша ІІ орын иеленді. Жетекшісі: А.Утегенов. Жеңімпаздар 8 кезеңнен тұратын жиын бағдарламасы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткені үшін ағымдағы жылдың маусым айында Қарағанды қаласы, Спасск оқу-жаттығу орталығында өтетін ІХ Республикалық «АЙБЫН-2023» әскери-патриоттық жастар жиына қатысатын болды.