• Басты бет
  • /
  • Урынбасарова Хадиша Тажимуратовна | Директор
БІЗДІҢ ҰЖЫМ
Урынбасарова Хадиша Тажимуратовна
Директор

          Урынбасарова  Хадиша Тажимуратовна  –
Қызылорда  облысы, Арал қаласындағы «Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта
мектебі» КММ-нің директоры. 30 қаңтар 1964 жылы дүниеге келді.
Білімі  - жоғары, еңбек өтілі- 40 жыл. Санаты – жоғары,педагог-зерттеуші
1970-1980 жылдар аралығында Арал қаласы Т.Г.Шевченко атындағы
№13 орта мектебінде оқып білім алды.
1980-1982 жылдары осы мектепте аға пионер вожатый болып жұмыс жасады.
1982-1987 жылдары аралығында Ақтөбе педагогикалық институтында оқып үздік
дипломмен бітірді.1987-1989 жылдары Арал ауданы №20 Бөген орта мектебінде,
№62 орта мектебінде орыс тілі  мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарды.
1989-1992 жылдары Арал аудандық комсомол комитетінің хатшысы қызметін
             атқарды.
1992-2002 жылдары Алматы облысы Қапшағай қаласы №2 гимназияда мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2002-2009 жылдары Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі  №226 Б.К.Мергенбаев
атындағы гимназияда орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
2009-2014 жылы Қазалы ауданы №249 мектеп- лицейінде директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады.
2014 жылдан бастап Арал қаласындағы Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта
мектебінде директор қызметін атқарып келеді.
    Урынбасарова Х.Т. қызмет атқарған жылдар аралығында республикалық
«Білім ұясы: Үздік сынып жетекшісі» байқауында Бас жүлде иегері атанды,
Білім және ғылым министрінің  Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Абай – Пушкин әлемі» атты халықаралық ғылыми –тәжірибелік
конференциясында баяндама жасағаны үшін облыстық білім беру
департаменті мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала
қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік
орталығының Алғыс хатымен марапатталды. Дарын РҒПО ұйымдастырған
«Дарынды балалар: теория және практика» атты ІІІ халықаралық
ғылыми – практикалық конференциясына, «12 жылдық білім беру жүйесіндегі
жаңа мұғалім формациясы» тақырыбында өткізілген Республикалық
ғылыми – практикалық конференциясына қатысып баяндама жасады.
Аудандық, облыстық «Үздік мұғалім» сайысының жеңімпазы, облыс әкімінің
«Үздік мұғалім» номинациясы берілді және 100 000 теңге грант иегері атанды.
Облыстың үздік мұғалімдерінің арасында өткізілген «Жұлдыздар шеруіне»
қатысу құрметіне ие болды.  Халықаралық «ХХІ ғасыр ұрпақтары даму
тенденциясының неопедагогикалық  һәм социокинетикалық парадигмалары»
атты ғылыми-практикалық конференцияға белсене қатысқаны үшін Қызылорда
облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау
институтының Алғыс хатымен марапатталды. «Жаһандану жағдайында білім
берудегі ұлттық тағылым мәселелері» тақырыбында «Алтынсарин оқулары-2018»
республикалық ғылыми-практикалық конференциясында баяндама қорғап,
жұмысы арнайы жинаққа енді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер-
дің облыстық жазғы тәжірибе алаңында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп,
мазмұнды баяндама жасап, «Ізденімпаздығымен және жаңашылдығымен 
дараланған ұстаз» бағамының иегері атанды.«Первое сентября» педагогикалық
клуб мүшесі. Бүкілресейлік «Открытый урок» педагогикалық идеялар
фестиваліне қатысып, арнайы дипломмен марапатталып, сертификат иегері
атанып, арнайы жинаққа енді.
       Х.Урынбасарованың тәрбие  және білім саласы бойынша тәжірибелері облыс, 
республика көлемінде таратылды. «Русский язык в казахстанской школе», 
«Білім кілті-Ключ знаний», Бүкілресейлік «Открытый урок», республикалық
«45 минут» журналында сабақтары жарық көрді. Білім берудегі жаңашыл,
шығармашыл, нәтижелі  еңбегі үшін облыстық білім басқармасының 
«Алтын глобус», «Алтын ұстаз», «Жыл жауһары», «Үздік ұстаз»  бағамдарының, 
жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «ҚР Білім беру 
ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісінің  иегері атанды. ҰБТ қорытындысымен 
 «Үздік орыс тілі пәнінің мұғалімі» бағамының иегері атанды.         
      Урынбасарова Хадиша Тәжімұратқызы  республикалық «Дарынды балалар -
Қазақстанның болашағы», халықаралық «Лучшие люди» энциклопедияларына
еніп, Үлкен халықаралық энциклопедия Кеңесі Президиумының «Қазақстан
Республикасының дамуы,өркендеуі   үшін қосқан ерекше  үлесі үшін» төсбелгісі
мен «Білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен   марапатталды.
2013 жылы  Астана қаласында өткен  «Қазақстанда филологиялық білім беруді 
дамытудың  негізгі басымдықтары» атты Қазақстан Республикасы филологтары-
ның съезінің делегаты және  жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі
табыстары үшін ҚР  Білім және ғылым Министрі тағайындаған  
«Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталды.  Аймақтағы білім саласының 
дамуына лайықты үлес қосқаны үшін аудан әкімінің Алғыс хат, облыстық ішкі 
саясат басқармасы «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының Алғыс хат иегері 
атанды. Облыс әкімінің «Жаңашыл ұстаз» бағамымен 1 000 000 теңге сыйақысы 
иегері атанды.Теориялық  білімін тәжірибемен ұштастыра білген 
Урынбасарова Хадиша Қазақстанның өскелең ұрпағын тәрбиелеу жолында
ізгілікті істерімен үнемі үлгі- өнеге көрсетіп, шәкірттерге сапалы білім беру 
жолында жемісті еңбек етіп келеді.
      Ұжымда беделді,әріптестері қадірлейтін, үлгі алатын білікті басшы.